Алматы қаласы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Алматы, қазан айы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2023 19:05 Сурет: pixabay
Синоптиктер Zakon.kz редациясына алдағы аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, қалада ауа райы жылы болып, аракідік жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында оңтүстік астанада сынап бағаны +20°С-ден +23°С аралығын қамтиды. 

30 қыркүйек: аспан бұлтты, кейде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +10°С...+12°С, күндіз: +18°С...+20°С.

1 қазан: күн құбылмалы, аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +8°С...+10°С, күндіз: +20°С...+22°С.

2 қазан: күн құбылмалы, аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10°С...+12°С, күндіз: +21°С...+23°С.

3 қазан: күн құбылмалы, аспан бұлтты, аракідік жаңбыр жауады. Батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, кей тұстағы екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +8°С...+10°С, күндіз: +16°С...+18°С.

4-5 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +8°С...+10°С , күндіз +18°С...+20°С.

6 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +10°С...+12°С, күндіз: +20°С...+22°С.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: