-23°C аяз болады: Алматы қаласы бойынша келесі аптаға арналған ауа райы болмажы

Ауа райы болжамы, Алматы, 9-15 желтоқсан, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2023 18:45 Сурет: pexels
Синоптиктер Zakon.kz редакциясына алдағы аптаға қатысты ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, Алматыда аязды күндер басталып, қар жауады.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 9-15 желтоқсан аралығында оңтүстік елорда тұрғындары мен қонақтарына қатты суыққа дайын болу керекгітін ескертеді, мәселен түнде сынап бағаны -23 градусқа дейін төмендейді.  Күндіз де сынап бағаны -15...-20°C көрсетеді. Тұман, жауын-шашын болады деп күтіледі.

9 желтоқсан: аспан бұлтты, аракідік қар жауып, тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Түнде және күндіз ауа температурасы: -5...-7°C.

10 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -9...-11°C, күндіз: -6...-8°C.

11 желтоқсан: аспан бұлтты, күндіз қар жауады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -9...-11°C, күндіз: -5...-7°C.

12 желтоқсан: аспан бұлтты, қар жауады, тұман болады. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -15...-17°C, күндіз: -8...-10°C.

13 желтоқсан: аспан бұлтты, түнде қар жауады, тұман болады. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -20...-22°C, күндіз: -13...-15°C.

14 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -21...-23°C, күндіз: -18...-20°C.

15 желтоқсан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: -18...-20°C, күндіз: -15...-17°C.

Бұған дейін синоптиктер демалыс күндері Қазақстанның басым өңірінде қатты аяз болатынын болжаған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: