Қазақстанда күн күрт суытып, аяз болатыны болжанады
Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 9 желтоқсанға, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК болжамынша, республикамыздың басым бөлігі солтүстік-батыстан келген антициклон ықпалында болып, ел өңірлерінде жауын-шашынсыз қатты суық сақталады.
"Еліміздің оңтүстік бөлігінде, шығыста атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жауады, таулы аудандарда қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Республикамыз бойынша тұман, қатты жел болжанады", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, синоптиктер Жетісу, Алматы облыстарының таулы аудандарында, түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қалың қар түсетінін айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript