Солтүстік Қазақстанда -42°-қа дейін аяз болады

Қазақстан, ауа райы болжамы, аяз, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2023 13:37 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 7-9 желтоқсан күндеріне арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс суық антициклонның ықпалынан республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның шығысы мен оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Түнде ауа температурасы:
  • батыста 10-20 аязға дейін,
  • солтүстік-батыста және солтүстікте 28-38 градус аязға дейін,
  • елдің қиыр солтүстігінде 42 градус аязға дейін,
  • республиканың орталығында және шығысында 28-33 аязға дейін,
  • Қазақстанның оңтүстік облыстарында 5-13 градусқа дейін нөлден төмен болады.
Республика бойынша тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: