Астанада -27° аяз, Алматыда қалың қар жауады: алдағы үш күнде мегаполистерде күн райы қандай болады
Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылғы 8-10 желтоқсан күндеріне арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
8 желтоқсан – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 22-24 градус аяз.
9 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 28-30, күндіз 20-22 аяз.
10 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 25-27, күндіз 20-22 аяз.
Алматы
8 желтоқсан – бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей кездерде тұман түседі. Желдің екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.
9 желтоқсан – бұлтты, қар жауады, кей кездерде қалың қар жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 5-7 градус аяз.
10 желтоқсан – көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 5-7 градус аяз.
Шымкент
8 желтоқсан – көшпелі бұлтты, түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Кей кездерде тұман түседі. Шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 1 аяз, күндіз 4-6 жылы.
9 желтоқсан – көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 1-3 градус аяз.
10 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript