Алматыда қар жауып, тұман түседі, Астанада -27 градус аяз: мегаполистердегі үш күнгі күн райы болжамы

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2023 16:14 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2023 жылғы 12-14 желтоқсан аралығындағы Астана, Алматы мен Шымкент бойынша күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

12 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен екпіні 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 25-27 градус аяз.

13 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 31-33, күндіз 22-24 градус аяз.

14 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 27-29, күндіз 15-17 градус аяз.

Алматы

12 желтоқсан – түнде бұлтты, қар жауады. Кей кезде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз 10-12 аяз, күндіз одан әрі төмендейді.

13 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде - 23-25 ​​градус, күндіз - 18-20 градус аяз.

14 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде – 25-27 градус, күндіз -15-17 градус аяз.

Шымкент

12 желтоқсан – көшпелі бұлтты, түнде қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан күндіз екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз 9-11 градус аяз.

13 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде  -18-20, күндіз 10-12 градус аяз.

14 желтоқсан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан екпіні 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -3-5 градус аяз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: