Қалың қар, көктайғақ және тұман:21-23 желтоқсанға арналған күн райы болжамы
Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 21-23 желтоқсан аралығындағы күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, кезеңнің басында еліміздің солтүстік және шығыс бөліктерінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), ал түнде солтүстікте және шығыста қалың қар жауады деп болжанды. 23 желтоқсан күні солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
"Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20, 25 м/с болады, тұман түседі", – делінген хабарламада.
Дегенмен, болжам бойынша, ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript