Көктайғақ, тұман: Қазақстан бойынша 11 қарашаға арналған күн райы болжамы

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2023 16:59 Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміздегі 2023 жылғы 11 қарашаға арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан Республикасының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.

Республика бойынша тұман түседі деп болжанды.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады 9-14 м/с, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз +1+3°C.

Алматыда – көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +7+9°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: