Көктайғақ, тұман: Қазақстандағы 20 қазанға арналған күн райы болжамы

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 17:05 Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 20 қазана арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, түнде еліміздің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Республиканың шығыс жартысында күн әлі де ашық әрі жауын-шашынсыз болады.

"Күндіз оңтүстік-шығыста және солтүстікте жел күшейеді, Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында көктайғақ болады деп болжанды", – деп хабарлады синоптиктер.

Республиканың барлық аумағында түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +13+15°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +22+24°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: