Үсік және ыстық: 5-7 қазанға арналған күн райы болжамы

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, дауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 12:36 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 5-7 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн райы жауын-шашынсыз, жылы болады.

"Елдің солтүстігінде күндіз +15+23 градусқа дейін, оңтүстікте +20+28 градусқа дейін жылы болады", – дейді синоптиктер.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады: найзағай ойнап, екпінді жел соғады.

Еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде -1-3 градусқа дейін үсік жүреді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: