Жел, тұман, үсік: Қазақстан бойынша 18 қазанға арналған күн райы болжамы

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, тұман, жел, үсік, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2023 17:05 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 18 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде к.н негізінен ашық, жауын-шашынсыз болады.

Болжам бойынша республиканың тек солтүстік-батысында, түнде оңтүстік-батысында және күндіз оңтүстігінде фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, Ақтөбе облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, жылмысқы қар) болуы мүмкін. 

Республика бойынша синоптиктердің болжауынша, түнде және таңертең жел күшейіп, тұман түседі.

Орталықта, Жетісу облысының таулы аймақтарында – 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +16+18°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +18+20°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +19+21°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: