Аяз, жаңбыр және тұман: Қазақстан бойынша 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, дауыл, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2023 13:05 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 3-5 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

"Солтүстік антициклонның ықпалымен Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында ғана күн жауын-шашынсыз болады, республиканың барлық аумағында тұман күтіледі", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, түнде еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында -1-3°С дейін аяз болады.

"Температура аясында айтарлықтай өзгерістер болжанбайды", - дейді "Қазгидромет" РМК мамандары.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: