28 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ауа-райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2022 16:14 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстандағы 2022 жылғы 28 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Республиканың батысы мен шығысында қар аралас жаңбыр, ал оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі, солтүстікте, шығыста көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде 5-7°C , күндіз 1-3 °C суық болады.

Алматы қаласы: бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4°C , күндіз 6-8°C жылы.

Шымкент: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5°C , күндіз 14-16°C жылы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: