28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ауа райы болжамы, қаңтар, тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2022 17:04 Сурет: pxhere
"Қазгидромет" РМК 28 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатына себепші болады: күндіз оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Тек еліміздің орталығы мен шығысында ауа райы антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі."Қазгидромет" РМК

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, солтүстігінде тұман, батысында, шығысында – 15-20 м/с-ке дейін жел күшейеді.

Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман, таңертең және күндіз батысында, солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда желдің күшеюі 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, орталықта желдің күшеюі 15-20 м/с-ке жетеді, күннің екінші жартысында көктайғақ, бұрқасын болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктері аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с, күндіз оңтүстік-батысында, таулы аудандарда көктайғақ болады.

Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында тұман түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: