Жаңалықтар тізбегі
0

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 20 қаңтарға арналған ауа райы

Қыс, тұман, қар, ауа райы Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Мамандардың болжауынша, Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болады. Жаңбыр немесе қар аралас түрінде де жаууы мүмкін. Тек солтүстік-батыс, солтүстік облыстарда антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

  • Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында жел екпіні секундына 15-20 метрге, түнде екпіні 23-28 метрге жетеді.

  • Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болып, облыстың тау және тау бөктерінде жел күшейеді.

  • Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

  • Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман болады деп болжанып отыр.

  • Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады.

  • Атырау облысының батысында, орталығында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

  • Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады.

  • Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман басады.

  • Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Ал Қарағанды ​​облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман басады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз