Жаңалықтар тізбегі
0

2 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2022 10:53 Сурет: pxhere
Синоптиктер 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz
Еліміздің шығыс және солтүстік өңірлерінде жүріп жатқан суық антициклонның беті қайта қойған жоқ, осы себепті бұл аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыс Қазақстан облысында, солтүстік-батыста және оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады және қатты жел тұрады деп күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. "Қазгидромет" РМК

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жел тұрады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі, Алакөлден соққан желдің екпіні 18-23, кей тұста 29 м/с құрайды.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда соққан желдің екіпіні 15-20 м/с-ға жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында боран соғып, Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ болады, Қызылорда облысының орталығында түнде және таңертең, Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман түседі деп күтіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: