Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауады
Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер алдағы үш күнге – 2023 жылғы 23-25 желтоқсан аралығындағы күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.
"Ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалы мол атлантикалық циклон жырасы жақындап келеді, ол алдымен республиканың батыс облыстарын, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігін жауып, қар аралас жаңбыр түріндегі жауын-шашын әкеледі, көктайғақ болалы, солтүстік өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді", – делінген хабарламада.
Болжам бойынша, тек республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады.
Синоптиктер температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайтынын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript