Демалыс күндері Астанада қар жауып, аяз түседі, Шымкентте күн 21 градусқа дейін жылынады

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2023 15:57 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2023 жылдың 25-27 қараша аралығындағы Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана
25 қараша – көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, қар жауады, көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 9-14, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -9-11°С, күндіз -1-3°С.

26 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз 0-2°С.

27 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°C, күндіз +1+3°C.

Алматы

25 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +1+°С, күндіз +11+13°С.

26 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +11+13°C.

27 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +13+15°C.

Шымкент

25 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С.

26 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +18+20°С.

27 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +19+21°С.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: