-10 градусқа дейін аяз, қар, жаңбыр: 9-11 қарашадағы күн райы болжамы

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, қар, көтайғақ, тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 11:49 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстан ,jqsyif 2023 жылдың 9-11 қарашасына арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжауынша, қар, жаңбыр жауады.

"Оңтүстікте 9 қарашада, батыста 10 қарашада, 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада республиканың шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанды", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Республика бойынша – жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады.

Аптаның соңына қарай түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа температурасы 2 градустан 3 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді деп болжанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: