Қатты жел, жаңбыр: 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстан, ауа райы болжамы, жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2023 16:17 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 9 қыркүйекке арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр.

"Елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тек республиканың шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады". "Қазгидромет" РМК

Республика бойынша қатты жаңбыр жауады деп болжанды.

"Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстан Республикасының шығысында, орталығында тұман түседі",  – деп хабарлады синоптиктер.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 17-22 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +29+31°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: