Екпінді жел, жаңбыр, найзағай: Қазақстан бойынша 28 қыркүйекке арналған күн райы болжамы
Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, солтүстік-батыс антициклонының әсерінен Қазақстан Республикасының батыс жартысында күн жауын-шашынсыз болады. Синоптиктердің болжамынша, елдің қалған бөлігінде жаңбыр жауып, оңтүстік пен орталықта найзағай ойнайды.
Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста екпінді жел соғады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +13+15°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +22+24°С.
Шымкентте – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript