13 градусқа дейін аяз, қарлы боран, көктайғақ: 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда ауа райы алдағы күндері қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2023 11:00 Сурет: pxhere
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 21-23 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы үш күнде елдің басым бөлігі белсенді циклонның құрсауында болады.

Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

"22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.

Республика бойынша желдің жылдамдығы 15-28 м/с, солтүстік бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Аптаның ортасына қарай республиканың батысында ауа температурасы 2-12 градус аязға дейін төмендейді, республиканың шығысында түнде ауа температурасы 8-13 градус аяздан 0-5 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Қазақстанның қалған бөлігінде температура фонында елеулі ауытқулар күтілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: