Қар, бұрқасын, көктайғақ - Қазақстанда 23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ауарайы болжамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2022 15:06 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 23 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын өтіп, шығыста қар жауады.

Республикада тұман, көктайғақ күтіледі, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста жел күшейеді, Қазақстан Республикасының шығысында, солтүстік-батысында – қарлы боран.

Жетісудың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында, Алматының оңтүстігінде және таулы аймақтарында, солтүстік-шығыста, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстікте, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Шығыс Қазақстан, Абай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады.

Астанада – көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 12-14 аяз.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын, кей уақытта қатты (негізінен жаңбыр), тұман түседі. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 5-7 жылы.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 14-16 жылы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: