Алдағы үш күнде елімізде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі

Қазақстанда күн суытады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 13:58 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 16-18 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы және температураның төмендеуі күтілуде.

Республика бойынша жел 15-23 м/с күшейеді, көктайғақ, тұман күтіледі.

Солтүстікте, шығыста, орталықта – боран соғады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде ауа температурасының төмендеуі -8...-22°С аяз болады деп күтілуде. «Қазгидромет» РМК

Аптаның соңына қарай Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстікте қар түрінде, республиканың оңтүстігі мен батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде солтүстікте, шығыста, орталықта -8...-22°С аязға дейін төмендейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: