18 қараша күні елімізде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады

Тұман, Алматы, Астана, Шымкент, ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 15:32 Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 18 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК таратқан мәлімет бойынша, батыста, солтүстік-батыста, шығыста, күндіз еліміздің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман түседі, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде -13...-15°С, күндіз -7...-9°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің күші 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде -4...-6°С, күндіз +5...+7°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан күші 8-13 м/сболатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +1...+3°С, күндіз +10...+12°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: