Тұман, көктайғақ, жел: 24 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады

Ауа райы қандай болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2022 16:42 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 24 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, шығыста қар жауады деп күтілуде.

"Республикада тұман, көктайғақ күтіледі, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – жел күшейеді, Қазақстан Республикасының солтүстігінде, солтүстік-батысында – қарлы боран соғады. Жетісу облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. «Қазгидромет» РМК

Астанада – көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (көбінесе қар). Оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°С, күндіз -3...-5°С

Алматыда күн бұлтты болады, түнде аздаған жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). Түнде және таңертең тұман. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +9...+11°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7°С, күндіз +17...+19°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: