Синоптиктер +10°С-қа дейін күн жылынады деп болжады

Қазақстан, ауа райы болжамы, тұман, жауын-шашын, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2023 11:45 Сурет: Zakon.kz
Қазақстандық синоптиктер республика бойынша 2023 жылғы 7 қараша мен 9 қараша аралығындағы күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, барикалық түзілімдердің өзгеруінен республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, қар аралас жаңбыр жауады.

"8-9 қарашада елдің оңтүстігінде, 9 қарашада оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанды", – делінген хабарламада.

Болжам бойынша, республика бойынша ауа температурасы сәл көтеріледі:

  • солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде 0-8°С-тан 0+5°С-қа дейін;
  • шығыста -2-13°С-тан 0-8°С-қа дейін;
  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста -2+5°С-тан +3+10°С-қа дейін.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: