Астана мен Алматыда күн жаңбырлы болады
Астана
12 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +13+15°С.
13 қыркүйек – көшпелі бұлт шығады, әлсін-әлсін жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +13+15°С.
14 қыркүйек – көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік, солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4+6°С, күндіз +13+15°С.
Алматы
12 қыркүйек – бұлтты, әлсін-әлсін жаңбыр жауады. Батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +19+21°С.
13-14 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +20+22°С.
Шымкент
12 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.
13 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.
14 қыркүйек – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +25+27°С.