Жаңалықтар тізбегі
0

"Алматыда күн құбылмалы болады". Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 18:56 Сурет: pixabay
Синоптиктер Алматы қаласы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, алдағы күндері қалада күн жылы болады, аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 29 сәуір мен 5 мамыр аралығында оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын құбылмалы ауа райы күтіп тұр: жел соғып, арасында аздап жауын-шашын болады. 

Алдын ала болжамға сәйкес, ауаның температурасы 2-3 мамырда аздап төмендейді.  

29 сәуір: күн құбылмалы, бұлтты болады. Күннің екінші жартысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 2-7 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: + 12 + 14°С, күндіз: + 24 + 26°С.

30 сәуір: күн құбылмалы, бұлтты болады. Аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с, найзағай кезіндегі екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде: + 12 + 14°С, күндіз: + 21 + 23°С.

1 мамыр: күн құбылмалы, бұлтты болады. Аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с, найзағай кезіндегі екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +9 + 11°С, күндіз: + 19 + 21°С.

2-3 мамыр: күн құбылмалы, бұлтты болады. Жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +5+7°С, күндіз: +13+15°С.

4-5 мамыр:  күн бұлтты болғанымен, жауын-шашын түспейді. Соққан желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: +5 + 7°С, күндіз: + 16 + 18°С.

Бұған дейін синоптиктер сәуір айының соңғы күндерінде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: