Алматының 26-28 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Сурет: pixabay
Синоптиктер Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Алматыда:
26 сәуірде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің күші – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C болады;
27 сәуір – көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +16...+18°C;
28 сәуір – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript