Жаңбыр, тұман, жел: 26 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Шығыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста циклонның ойпатынан және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен жаңбыр жауады. Әсіресе Алматы облысының шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның қалған бөлігі антициклонның ықпалында болады: жауын-шашынсыз, ауа температурасы көтеріледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік облыстарда найзағай, көктайғақ болады.«Қазгидромет» РМК
Алматы облысының Алакөл көлдері аймағында синоптиктердің болжауынша, жел екпіні секундына 20-25 м, 30 метр және одан да артық күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел екпіні 15-20 метрге күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман. Оңтүстікте жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстік-шығысында тұман. Күндіз солтүстікте жел екпіні секундына 15 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында күндіз жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.
Атырау облысының шығысында, түнде батысында, Қарағанды облысының шығысында тұман болады.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 26-28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.