Cәуірдің соңғы күніне арналған ауа райы болжамы
Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, көктайғақ болады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанды.«Қазгидромет» РМК
Алматы облысының оңтүстігінде және Алакөл маңында жел 15-20, екпіні 24-29 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында таулы аймақтарда күндіз бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с болады.
Оңтүстікте, шығыста, Шығыс Қазақстан облысының орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Атырау облысында, шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстікте, Қостанайдың шығысында, Солтүстік Қазақстанның солтүстік-шығысында, күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе қаласының орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер 30 сәуір мен 2 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.