14 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромед, ауа райы болжамы, жел, жауын, найзағай, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2022 15:19 Сурет: pexels
Синоптиктер 14 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл күні Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республиканың батыс жартысы циклонның ықпалында болады, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік-шығысында фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Қазақстан Республикасының қалған аумағына антициклон екпіні әсер етеді, осыған байланысты күн райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік-батысында тұман күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай ойнайды, оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында түнде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнайды, оңтүстікте, солтүстікте, орталықта желдің екпіні 23 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, таңертең және күндіз найзағай ойнап, тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнайды, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз оңтүстікте, Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 17-22 м/с-ке дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, күндіз Түркістан облысының таулы асуларында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: