Бір аптаға арналған ауа райы болжамы: Алматыда күн ысиды

Ауа райы болжамы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 19:57 Сурет: pixabay
Синоптиктер Zakon.kz-ға алдағы аптаға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті. "Қазгидрометтің" деректеріне сәйкес, бірнеше күн бойында қалада ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, ыси түседі: күндіз сынап бағаны +22°C дейін көтеріледі.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев 21-30 сәуір аралығында ауа температурасы күндіз де түнде де қолайлы болып, қыза түседі, бірақ арасында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

21 сәуір: көшпелі бұлт жүреді, күн жауын-шашынсыз болады. Соққан желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: +1 + 3°C, күндіз: + 12 + 14°C.

22 сәуір: көшпелі бұлт жүреді, күн жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы: + 2 + 4°C, күндіз: + 12 + 14°C.

23 сәуір: көшпелі бұлт жүреді, күн жауын-шашынсыз болады. Соққан желдің екпіні - 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде: +5 + 7°C, күндіз: + 19 + 21°C.

24 сәуір: көшпелі бұлт жүреді, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы: +12+14°С, күндіз: +20+22°С.

25 сәуір: күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: + 10 + 12°С, күндіз: + 16 + 18°С.

26 сәуір: көшпелі бұлт жүреді, түнде жаңбыр жауады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +8+10°С, күндіз: +18+20°С.

27 сәуір: көшпелі бұлт жүреді, күн жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы: +8+10°С, күндіз: +18+20°С.

28-29 сәуір: көшпелі бұлт жүреді, арасында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: +11+13°С, күндіз: +20+22°С.

30 сәуір: көшпелі бұлт жүреді, күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +9 + 11°C, күндіз: + 16 + 18°C.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: