Қар, тұман, көктайғақ. 26 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, батыста, елдің оңтүстік жартысында жауын-шашын, таңертең және күндіз таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, оңтүстікте, батыста көктайғақ болады, еліміздің солтүстік жартысында боран тұрады, батыста, оңтүстік-шығыста қатты жел күтіледі. "Қазгидромет" РМК.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында боран соғады.
Алматы облысында түнде және таңертең тұман түседі, Алакөл маңындағы аудандарда жел екпіні 17-22 м/с құрайды.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, таулы аумақта жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, жел екпіні - 15-20 м/с, солтүстікте, шығыста желдің екпіні 23-28 м/с құрайды.
Атырау облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, өңірдің басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Қостанайдың солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Павлодардың шығысында, Қарағанды облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысындағы жел екпіні 15-20 м/с құрайды, түнде солтүстікте, облыстың орталығында тұман түседі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі, таулы аудандарда жел 15-20 м/с жылдамдықпен күшейеді.
Түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ болады.