Боран, көктайғақ. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: pexels
Синоптиктер 18-20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұл күндері елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-батыс циклонның ықпалына байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ойысып жетуіне әсер етеді. Жауын-шашын түсіп, көбінесе қар жауады, көктайғақ болып, тұман түседі, қатты жел тұрып, еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі. "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Батыста ауа температурасы түнде -5+2, күндіз -3+5, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 0-5, күндіз -3+2, республикамыздың солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде -1-13, күндіз 0-8 градус суық болады, ал шығыста ауа температурасы түнде -5-15-тен 0-10-ға дейін, күндіз 0-10, елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -5+2 градусқа төмендейді, күндіз +2+13 градус жылы болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript