Алматы қаласы бойынша 22-28 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Жылы, Алматы, ауа райы болжамы, 22 қараша, 23 қараша, 24 қараша, 25 қараша, 26 қараша, 27 қараша, 28 қараша, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2025 18:57 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК Zakon.kz сайтына Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райының алдын-ала болжамын ұсынды. Синоптиктердің мәліметтері бойынша, жеті күн ішінде мегаполисте тұрақты ауа райы күтіледі, бірақ жауын-шашынсыз тағы болмайды.

Оңтүстік астанада демалыс күндері салыстырмалы түрде жылы ауа температура көрсеткіштері тіркеліп, жауын-шашын болмайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтаңсық Медеуова мәлімдеді.

"Алдағы аптада Алматыда тыныш және негізінен құрғақ ауа райы сақталады. Тек 24 қарашада кешке аздап жаңбыр жаууы мүмкін, дегенмен ол аптаның жалпы ауа райына әсер етпейді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с". Гүлтаңсық Медеуова

Сондай-ақ, синоптик ауа температурасы күзгі шектерде сақталатынын атап өтті: түнде 0-ден +5°С-қа дейін, ал күндіз +10°С-тан +15°С-қа дейін сынап бағаны біртіндеп жоғарылайды деп күтіледі.

2025 жылғы 22-28 қарашаға арналған Алматы бойынша ауа райы болжамы

  • 22 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +11...+13°С.
  • 23 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +10...+12°С.
  • 24 қараша: аспан бұлтты, кешке жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+5°С, күндіз: +11...+13°С.
  • 25-28 қараша: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +13...+15°С.

Бұған дейін мамандар еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында 22-24 қараша аралығында қар жауатынын ескерткен. Сондай-ақ, көктайғақ пен боран болуы да мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: