"Жауын-шашынсыз жаз". Алматы бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Аптап ыстық, ауа райы болжамы, Алматы, 19 шілде, 20 шілде, 21 шілде , 22 шілде, 23 шілде, 24 шілде, 25 шілде, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2025 10:43 Сурет: freepik
Синоптиктер Алматы қаласы бойынша алдағы жеті күнге арналған ауа райының алдын-ала болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алдағы тәулікте оңтүстік астанада қатты ыстық болады. Келесі апта барысында қалада жауын шашын күтілмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2025 жылғы 19-25 шілде аралығында мегаполисте қатты ыстық болады. Сынап бағаны 38 градус ыстықты көрсетеді. Сондықтан, демалыс күндері оңтүстік астананың табиғи жерлеріне баруды жоспарлағанда, қауіпсіздік шараларын қарастырып, күн сәулесінің астында ұзақ болмауға тырысыңыз. Бұл бастан күн өту немесе терінің күлдіреуі секілді қауіптің алдын алуға көмектеседі.

"Алдағы аптада Алматы қаласының аумағында ыстық ауа райы сақталады. Иранның, Ауғанстанның, яғни Таяу Шығыс аумағынан келіп жеткен жылы ауа массаларына байланысты күн қызиды", деп түсіндіреді "Қазгидромет" РМК-ның өкілі.

19 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +23...+25°C, күндіз: +36...+38°C.

20 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +21...+23°C, күндіз: +36...+38°C.

21 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +21...+23°C, күндіз: +34...+36°C.

22 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +33...+35°C.

23 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +18...+20°C, күндіз: +33...+35°C.

24 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°C, күндіз: +34...+36°C.

25 шілде: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндіз кей тұста - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +20...+22°C, күндіз: +35...+37°C.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 шілдеде елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: