"Күн қайта ысиды". Алматы қаласы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалдарының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, келесі аптаның соңына дейін мегаполисте сынап бағаны біртіндеп көтеріледі.
"Ауа температурасының төмендеуі солтүстік-батыстан суық ауа массаларының келіп жетуімен, ал жауын-шашын атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты", деп түсіндіреді синоптик инженер.
7 қыркүйек: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +16...+18°C. ТЖД алматылықтарға 7 қыркүйекте найзағай ойнап, солтүстік-батыстан қатты жел соғатынын, найзағай кезіндегі екпіні секундына 18 метрді құрайтынын ескертеді.
8 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°C, күндіз: +20...+22°C.
9 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +9...+11°C, күндіз: +20...+22°C.
10 қыркүйек: аспан бұлтты, түнде аздап жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде: +9...+11°C, күндіз: +20...+22°C.
11 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +21...+23°C.
12-13 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +10...+12°C, күндіз: +22...+24°C.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері 7 қыркүйекте Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады. Болжамға сәйкес, кей өңірде қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді.