Жаслан Мадиев жаңа министрлік құру тәртібін түсіндірді

Фото: pixabay
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (ЦДИАӨМ) Жаслан Мадиев 2025 жылғы 9 қыркүйекте Үкімет отырысында Мемлекет басшысының жаңа министрлік құру туралы тапсырмасын орындау жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа мемлекеттік органды құру туралы Жарлық жобасы қазір мемлекеттік органдарда келісу кезеңінде тұр.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ЦДИАӨМ базасында Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Ал инновациялық саясат жөніндегі функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі", – деді Мадиев.

Ол сондай-ақ Цифрлық кодекстің Мәжілісте қаралып жатқанын еске салды.

"Құжатты доработка жасау Мәжіліс жанындағы құзыреттер орталығының базасында жүргізілуде. Кодекс жобасы GitHub-та қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады. Құжат Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданады", – деп қосты министр.

Айта кетейік, 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде жаңа Жасанды интеллект министрлігі құрылатынын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты