ҚМА арнайы операциясы: Таиландтан келген сәлемдемеден есірткі табылды

Сурет: Telegram/afm_rk
Қарағанды облысы бойынша ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті прокуратураның үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарының контрабандасын әшкереледі. Бұл туралы 2025 жылғы 9 қыркүйекте Zakon.kz-ке ҚМА баспасөз қызметінде хабарлады.

Агенттік мәліметінше, бақыланатын жеткізу әдісі қолданылған арнайы операция барысында Таиланд Корольдігінен есірткі арнасын ұйымдастырған азамат анықталып, әшкереленді.

Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында күдікті өзінің танысы – кәмелетке толмаған жасөспірімді «дроп» ретінде пайдаланып, есірткі салынған пошталық сәлемдемені «Қазпошта» АҚ арқылы оның атына рәсімдеген.

Жеке тінту кезінде одан 1,3 келі есірткі заты – каннабис WAX тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің Қарағанды қаласында Telegram мессенджері арқылы «жертөле» әдісімен есірткі таратқаны да анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео