Қазақстанда көмір генерациясын арттыру жоспарланып отыр

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Әккенженов 2025 жылғы 9 қыркүйекте өткен Үкімет отырысында көмір генерациясын арттыру жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр баламалы энергетиканы дамытуға қоса, "таза" көмір технологиялары негізінде көмір генерациясын әрі қарай дамытуға баса назар аударылатынын жеткізді.

"Энергетикалық көмірдің 33,6 млрд тонна көлеміндегі қомақты қоры расталған жағдайда, көмірді пайдаланатын қолда бар энергия көздерінен толық бас тарту орынсыз. Жаңа көмір станцияларын салу, сондай-ақ қолданыстағы нысандарды жаңғырту экологиялық талаптарға сәйкес келетін және қоршаған ортаға әсері барынша аз болатын "таза" көмір технологиялары негізінде жүзеге асырылады", – деді ол.

Оның айтуынша, мұндай жобаларға Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында салынатын жылу электр орталықтары, сондай-ақ Курчатов пен Екібастұздағы ірі электр станциялары мысал бола алады.

Еске салсақ, 2025 жылғы 8 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы мол сапалы көмір қорларын ескере отырып, көмір энергетикасын озық технологияларды қолдану арқылы дамытуға ерекше көңіл бөлуді тапсырған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды