Ауыл шаруашылығы министрлігі 2030 жылға дейін елді етпен толық қамтамасыз етуді көздеп отыр

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылдың 9 қыркүйегінде өткен Үкімет отырысында елдегі мал шаруашылығының даму жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, мал шаруашылығы саласын тұрақты дамыту үшін жеке Кешенді жоспар әзірленеді.

"Жаңа бағдарламада нақты шаралар мен олардың қаржыландыру көздері анықталады. Оған екінші деңгейлі банктердің инвестицияларын тарту, тауарлы шаруашылықтар мен құс фабрикаларына 5% жылдық мөлшерлемемен қолданыстағы несиелерді кеңейту, асыл тұқымды мал басын сатып алуды ұзақ мерзімді қаржыландыру және "Даму" институты арқылы кепілдендіру механизмін енгізу кіреді. Қамту деңгейі 80%-ға дейін болады", – деді министр.

Сапаровтың сөзінше, жоспарланған құралдар 2030 жылға қарай ірі қара мал санын 12 млн басқа, ұсақ мал санын 30 млн басқа жеткізуге, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге және ет экспортын екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда сиыр етін экспорттауға қолданыстағы квота аясында рұқсат сақталатынын, сыртқа шығаруға толық тыйым салынбағанын хабарлаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік