Алматыда тұрғынды тонаған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Алматының Алмалы ауданының полицейлері қала тұрғынының алтын бұйымдарын тонады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Оқиға күндізгі уақытта болған.

Беймәлім біреу әйел адамның қолынан алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кетуге әрекет жасаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын және орналасқан жерін шұғыл анықтады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбековтің айтуынша, меншікке қарсы жасалған қылмыстарды ашу – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.

"Біз құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды заңсыз әрекеттерден қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", – деді Тимур Иманбеков.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді