Алматы облысында металл қабылдау пунктінде жарылыс болды: үш адам қаза тапты

Сурет: akorda.kz
Алматы облысында металл қабылдау пунктінде болған жарылыс салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 11 қыркүйекте өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Іле ауданындағы металл қабылдау пункттерінің бірінде болған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Белгісіз заттың жарылысы салдарынан үш адам қаза тапты. Олардың денесі оқиға орнынан табылды. Оқиға орнына дереу жедел қызметтер – полиция, өрт сөндірушілер және жедел медициналық жәрдем бригадасы жетті", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда.

Оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ. Алайда пікір қалдырған жергілікті тұрғындар ол жерде металл өңделгенін айтты.

"Бірнеше ай бойы біз оларды жабуды, тұрғын үйлерге жақын жерде металл өңдеуді тоқтатуды, халықты улауды доғаруды талап еттік. Бірақ ешқандай шара қабылданбады. Енді әрекетсіздік танытқандардың бәрін жауапқа тартуды сұраймыз. Бұл қайғылы жағдай болмауы мүмкін еді", – деп жазды оқиға туралы жазба астына пікір қалдырған тұрғын.

"Біз осы алюминий балқыту цехының жанында тұрамыз. Әкімдік, полиция, СЭС, прокуратура – бәрі. Бұл цехты жапқысы келмеді. Енді себеп белгісіз дейсіздер... Уақтылы шара қабылдап, жапқанда, мұндай қайғылы оқиға болмас еді", – деп жазды тағы бір пікір қалдырушы.

Айта кетейік, тамыз айының соңында Ресейдің Мәскеу қаласында Орталық балалар дүкенінде жарылыс болып, бір адам қаза тапқан еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы