Алматыда тексеру барысында автобустардың техникалық талаптарға сай еместігі белгілі болды

Фото: Zakon.kz
Алматының Түрксіб аудандық тәртіп сақшылары қаладағы автопарктерге тексеріс жүргізді. Бұл туралы Zakon.kz-ке Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, мамандар автобустардың техникалық жағдайын, қажетті құжаттардың болуын, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуін және көліктің қауіпсіз пайдалануға дайындығын бақылаған.

Тексеру нәтижесінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

"Автопарктың лауазымды тұлғасына техникалық ақауы бар автобусты жолға шығарғаны үшін екі хаттама толтырылды. Ал бір автобус арнайы айып тұрағына қойылды", – делінген Алматы қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, 2025 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Алматыда Алатау ауданының Теректы шағынауданы тұрғындарының мобильдігін арттыру мақсатында жаңа автобус бағыты іске қосылған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады