"Қайрат" – "Реал": Алматыға мыңнан аса мадридтік жанкүйер келеді

Фото: Zakon.kz
Алматылық "Қайрат" футбол клубы мен аңызға айналған "Реал Мадрид" арасындағы тарихи ойынға 18 күн қалды. 2025 жылғы 11 қыркүйекте "Қайраттың" баспасөз қызметі матч туралы кейбір деректерді жария етті. Чемпиондар лигасындағы ойында қанша мадридтік жанкүйер күтілетіні белгілі болды.

Бұл деректі Испания Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес "Қайрат" клубының базасына жасаған сапары барысында айтты.

Елші клубтың инфрақұрылымымен де танысты. Кездесу аясында алдағы ойынның егжей-тегжейлері де талқыланды.

"Алматыға өз командасын қолдау үшін 6,5 мың шақырымнан астам жолды еңсеріп, мыңнан аса испандық жанкүйер келеді деп күтілуде. Испания елшілігі қонақтарға консулдық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді", – деп хабарлады "Қайрат" ФК баспасөз қызметі.

Матч 2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Билеттер әзірге сатылымға түскен жоқ.

Бұған дейін Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев билет сату қыркүйектің жиырмасыншы күндерінде – спорттық іс-шараға 10 күн қалғанда басталатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ сол күні тәртіпті қадағалау үшін 2,5 мыңнан астам полицей және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 300 әскери қызметшісі жұмылдырылатыны белгілі болды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы