Алматыда түнгі уақытта Жандосов көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Фото: Zakon.kz
Алматыда 12 қыркүйек сағат 23:00-ден бастап 14 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін Жандосов көшесінде құбыр мен кәріз жүйесін жүргізуге байланысты автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы қалалық Энергетика және су шаруашылығы басқармасы хабарлады.

Қозғалыс төмендегі учаскелерде шектеледі:

Бұл аумақтар екі ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға байланысты шектеліп отыр:

  1.  "Алматы қаласында Батыс кәріз коллекторын салу" – жалпы ұзындығы 34,9 шақырымдық магистральды кәріз коллекторы салынады. Жоба Наурызбай және Алатау аудандарының 175 мыңнан астам тұрғынын, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай және Іле аудандарының шамамен 20 мың тұрғынын орталықтандырылған су бұру жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.
  2.  "Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданында су және кәріз желілерін салу" – аумақтың инженерлік инфрақұрылымын жақсартуға, ауыз су беруді тұрақтандыруға және кәріз жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарын алдын ала жоспарлап, баламалы бағыттарды таңдауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс білдіреміз.

Еске саламыз, қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS және Яндекс карталары сервистерінде жарияланады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды