СҚО-да полиция есірткі сатумен айналысқан күдіктіні құрықтады

Сурет: ҚР ІІМ
Есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою – полиция жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Жуырда тәртіп сақшылары Петропавлдың 19 жастағы тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған 100 орам табылып, тәркіленді. Сараптама оның жалпы салмағы 98,64 грамм болатын синтетикалық есірткі мефедрон екенін анықтады.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Жас жігіттің интернет-дүкендердің бірінде есірткі сату ісімен айналысты деген күдік бар.

Полицейлердің айтуынша, аса ірі көлемде есірткі сату заң бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы