Алматы облысында полиция ер адамнан 13 келіден астам марихуана тәркіледі

Фото: Zakon.kz
"Қарасора — 2025" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"ЕҚҚІҚБ қызметкерлері Жамбыл ауданы ПБ криминалдық полициясымен бірлесіп Кызыләскер ауылында 47 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады", – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Санкцияланған тінту барысында қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен тұрғын үйдің ауласында, қоршаудың бойында ерекше иісі бар кептірілген 31 түп өсімдік табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, бұл – жалпы салмағы 10 келі 680 грамм кептірілген марихуана екені анықталды.

Бұдан бөлек, полицейлер ұсталған азаматтың үйінен ішіне полиэтилен пакет салынған полимер қапты тапты. Оның ішіндегі жасыл түсті өсімдік тектес зат сарапшылардың қорытындысы бойынша кептірілген марихуана болып шықты.

Оның салмағы – 2 келі 306 грамм. Осылайша, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асты.

"Аталған дерек бойынша Жамбыл ауданының полициясында қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды", – деп түйіндеді полицейлер.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған